НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Латвиямен екінші мәрте жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл кездесу әлем чемпионатына дайындық аясында ұйымдастырылды.
Ойын барысында қазақстандық хоккейшілер қарсыласына 1:5 есебімен жеңіліп қалды.
Еске салсақ, қазақстандық құрама 8 мамырда да Латвияға есе жіберген еді.
Енді қазақстандық хоккейшілер 10 мамырда Финляндия астанасы Хельсинки қаласына аттанады.
Онда А тобында Канада, Словакия, Германия, Дания, Швейцария, Италия және Франциямен ойнайды.
Қазақстандық хоккейшілер әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 14 мамырда Данияға қарсы өткізеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.