Қазақстан құрамасы қарсылас команданың қақпасына жауапсыз 15 шайба соқты. Матчтың үздік ойыншысы болып Дильназ Саяхатқызы танылды.
Ұлттық құрама келесі ойынды 15 қаңтар күні Австралияға қарсы өткізеді. Матч Астана уақытымен 21:30-да басталады.
18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатына іріктеу Испанияның Хака қаласында 12-18 қаңтар күндері аралығында өтуде. Қатысушы елдер: Қазақстан, Австралия, Мексика,Түркия, Испания, Корея, Қытайлық Тайбэй.
00:09, 15 Қаңтар 2019
Шайбалы хоккейден қыздар құрамасы Түркияны тас-талқан етті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шайбалы хоккейден 18 жасқа дейінгі қыздар арасындағы Әлем чемпионатында (1 дивизион, іріктеу) Қазақстан Түркияны тас-талқан етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.