Шайбалы хоккейден Президент кубогы тамыз айында өткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасы Президентінің кубогына арналған дәстүрлі турнир өткізіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жөнінде клубтың баспасөз қызметі мәлім етті.

Аталған турнир 11 тамызда басталып, 16 тамызда мәресіне жетеді. Ойындар «Барыс арена» спорт кешенінде болады. Оған «Динамо Рига» (Латвия) және «Куньлунь Ред Стар» клубтары қатысады деп күтілуде.

Командалар екі айналым бойынша өзара сынға түседі.

Әзірге жанкүйерлерді ойынға кіргізу мәселесі талқылануда.

Аталған турнирдің ойын кестесі:

11 тамыз. Сәрсенбі. 19:30 «Барыс» - «Динамо Рига»

12 тамыз. Бейсенбі. 19:30 «ДинамоРига « - «Куньлунь Ред Стар»

13 тамыз. Жұма. 19:30 «Куньлунь Ред Стар» - «Барыс»

14 тамыз. Сенбі.. 17:30 «Динамо» Р - «Барыс»

15 тамыз. Жексенбі. 13:00 «Куньлунь Ред Стар» - «Динамо» Р.

16 тамыз. Дүйсенбі. 13:00 «Барыс» - «Куньлунь Ред Стар»

Естеріңізге сала кетелік, аталған дүбірлі дода 2010 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Турнирде «Барыс» 2010, 2011, 2013, 2015 жылдарда чемпион атанды.

Сондай-ақ, Ресейдің СКА (Санкт-Петербург), «Авангард» (Омбы), «Металлург» (Новокузнецк), «Нефтехимик» (Нижнекамск) және «Амур» (Хабаровск) клубтары әр жылдарда жеңімпаз тұғырынан көрінді.

Былтыр еліміздегі карантинге байланысты аталған турнир өткізілген жоқ.