АСТАНА. KAZINFORM — Мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан 2026/27 жылғы маусымдағы Гран-при сериясының үшінші кезеңінде қысқа бағдарламасын орындады.
Қазақстандық спортшы төрешілердің шешімімен 94,87 ұпай еншілеп, 12 қатысушының арасында бесінші орынға тұрақтады.
Жапония өкілі Као Миура 102,90 ұпаймен көш бастады. Екінші орынды оның отандасы Шун Сато (101,97) иеленсе, бейтарап ту астында өнер көрсеткен ресейлік Евгений Семененко 99,72 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Еркін бағдарлама 8 қарашада өтеді.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.