Түркияда сусынның осы түрін айрықша жақсы көреді, сондықтан да жылына бір адамға 3,1 келі шай тиесілі екен. Ирландияда бір адам жылына 2,1 келіні, ал Ұлыбританияда - 1,9 келіні пайдаланады.
Төртінші орында Ресей орналасқан екен. Бұл статистиканың тізіміндегі соңғы орындарда шай сусыны аса танымал емес елдер жайғасқан: Таиланд, Филиппин, Грекия, Венесуэла, Перу, Колумбия, Бразилия және Мексика.
Дегенмен де жалпы көлемде шайды ең көп пайдаланатын қытайлықтар болып шықты, ҚХР тұрғындары жылына 720 млн. келіні тұтынады екен, деп жазады Росбалт.