Шідерті көлтабандар жүйесінде 16 су шығару құрылысы тазартылады

Фото: «Қазсушар» РМК

ПАВЛОДАР. KAZINFORM — Павлодар облысы Шідерті көлтабандар жүйесіндегі гидротехникалық құрылыстарды жөндеу жүріп жатыр. Шідерті каналының су шығару жүйелерін тазарту көзделген.

«Қазсушар» РМК-ның Шідерті өндірістік учаскесі гидротехникалық құрылыстарда ағымдағы жөндеу жұмыстарын бастады.

— Су өткізгіш каналда бірқатар бөгеттерді тұрғызу және көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл ретте 19 440 текше метр топырақ қазылып, олардың еңістерін 322 текше метр бут тастарымен бекіту қарастырылған. Ұзындығы 900 метр болатын арнаны механикаландырылған тазарту жұмыстары басталды. Сонымен қатар 16 су шығару құрылыстарын тазарту көзделіп отыр, мұнда 413 текше метр топырақ қазылады, — деп хабарлады кәсіпорынның өңірлік филиалынан.

Фото: «Қазсушар» РМК

Биыл Шідерті магистральдік каналында ұзындығы екі шақырымнан асатын екі гидротехникалық нысанда арнаны механикаландырылған тазарту жұмыстары жүргізіледі. Сондай-ақ үш бөгетті тұрғызу және көтеру жұмыстары атқарылып, жалпы көлемі 4091 текше метр топырақ қазылады.

Бұған дейін Сәтбаев каналынан жіберілген су Павлодардағы шабындықтардың өнімділігін арттырғаны туралы жазғанбыз.