Шеберлер құмнан қамал тұрғызды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы шеберлер құмнан қамал тұрғызып, рекорд жаңартты, деп хабарлады www.24.kz.

Биіктігі 12 метр болатын бұл сарай әлемде топырақтан жасалған ең үлкен туынды болды. Алып сарайды салу үшін 15 суретші бір апта бойы еңбек етті. Олардың айтуынша, жұмыс барысында 20 жүк машина құм мен таза су қолданылған. Туындының әдемілігіне халық таңдай қағысуда. Алайда жуық арада сарай көрермендердің көз алдында сүріледі. Желден бұзылып бара жатқан қамал биіктігін өлшеу үшін сәулетшілер «Гиннес» рекордтар кітабының өкілдерін шақырды.