«Синьхуа» агенттігіне сілтеме жасаған ТАСС мәліметінше, шенеунік 2014 жылы ҚХР-нан қашып, Сент-Китс және Невис аумақтарын паналаған.
«Жэнь Бяо заңсыз несие алу және қаржылық шоттар бойынша астыртын әрекеттері үшін айыпталып отыр», - делінген құжаттарда.
Қытай осыған дейін жарияланған шетелдерде жасырынған отандастары мен күдікті жемқорларды ұстауға бағытталған «түлкіні аулау» науқанын жалғастыруда. Олардың көбі АҚШ пен Канадада. Шамамен алғандағы есеп бойынша қашқын шенеуніктер елден 50 млрд доллар алып кеткен.