ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов тұрғындарды коронавирусқа қатысты үрейленбеуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазір шекара мен кеден бекеттеріндегі бақылау күшейтілген. Әрине, халықтың алаңдаушылығын түсінеміз. Бірақ барлықтарыңызды үрейленбеуге шақырамын. Себебі әлі Қазақстанда коронавирус жұқтырған ешкім жоқ» - дейді Даниал Ахметов.
Оның айтуынша, өңірдегі жұқпалы аурулар бөлімшелерінде 1000 төсек-орын дайындалған.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін ШҚО-да коронавирустың таралуына жол бермеу үшін жедел штаб құрылғандығы хабарланған болатын.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.