Шекара бұзған ресейлік азаматқа айыппұл салынды - БҚО

None
ОРАЛ. 11 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бөрлі аудандық соты ҚР мемлекеттік шекарасынан заңсыз өткені үшін ресейлік азаматты қылмыстық жауапкершілікке тартты.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлағанындай, биылғы тамызда көршілес елдің Елек ауылында тұратын Т. ешқандай құжатсыз шекарадан өтіп, Бөрлі ауданы Қарашығанақ елді мекеніндегі полицейлердің қолына түскен.

Бөрлі аудандық соты оны ҚР ҚК 330-бабы 1-бөлімі бойынша айыпты деп танып, екі жүз айлық есептік көрсеткіш (323600 теңге) көлемінде айыппұл белгіледі.