«Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өткізу пункттерінде есірткі заттарын тасымалдауға кедергі жасау мақсатында интрузивті емес қарап тексерудің техникалық құралдарын қолдана отырып, қолжүгін, багажды, көлік құралдары мен жүктерді, сондай-ақ арнайы оқытылған қызметтік иттер арқылы тексеріп қарау бойынша бақылауды жүзеге асырады», - деді Олжас Бектенов.
Үкімет басшысының жауабына берілген анықтамаға сәйкес, қазіргі уақытта ҰҚК ШҚ қызметінде 40 бірлік рентген-телевизиялық аппарат, 9 бірлік инспекциялық-тексеру кешені, 1782 бірлік жеке бейнетіркегіш, арнайы үйретілген 470 ит бар.
«2023 жылдың басынан бері ҰҚК ШҚ күшімен есірткі контрабандасының 501 фактісі (2023 жылы – 254, 2024 жылы 9 айда – 247) тоқтатылды Шекара қызметін одан әрі материалдық-техникалық жарақтандыру мәселелері шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспарында және Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2023-2025 жылдарға арналған кешенді (4,5 млрд теңгеден астам сомаға) жоспарында көзделген», - деп атап өтеді Премьер-Министр.