Шекара қызметі тамызда 63 қылмыстық іс қозғады

АСТАНА. KAZINFORM — Шекарада ел заңнамасын бұзған 5 588 адам ұсталды, соның ішінде 4 907 шетел азаматы.

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

ҰҚК Шекара қызметі ел заңнамасын бұзған 5 588 адам ұсталды, соның ішінде 4 907 шетел азаматы. 

Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 2089 фактісінің алды алынды. 

30 факті — есірткі заттары;

68 факті — қарулар мен оқ-дәрілер (5 пневматикалық қару, 130 суық қару, 228 оқ-дәрі);

1 061 факті — көлемі 159 тоннадан асатын жанар-жағармай материалдары;

751 факті — жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден астам халық тұтынатын тауарлар;

179 факті — сомасы шамамен 1,5 млрд теңге шетел валютасы.

— Каспий су айдынында браконьерлікпен айналысудың 61 фактісі тоқтатылып, браконьерлік құралдар мен бекіре балықтары тәркіленді, — делінген ҰҚК хабарламасында.

Алдын алынған шығын сомасы 561 млн теңгеден асады.

Құзыреті шеңберінде Шекара қызметі 63 қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ 40 млн теңгеден астам көлемде айыппұл салынған 4 886 әкімшілік іс өндірісте.

Қалған фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдануы үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. 

Айта кетелік есірткі жеткізудің 44 арнасы жойылған еді