Шекара қызметі академиясында жоғалған 10 тапанша табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясында жоғалған 10 тапанша табылды. Бұл жайында ҚР Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жедел-тергеу тобы ҚР ҰҚК Шекара қызметі академиясынан 10 тапаншаның ұрлану фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу барысында бұл қылмысты жасаған аталған оқу орнының жүргізушісін ұстады. Оның тұрғылықты жерін тінту барысында ұрланған тапанша табылып, алынды», - деді Алмас Садубаев.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі академиясында 10 пистолет жоғалғанын, соған байланысты Ішкі істер министрлігі сотқа дейінгі тергеуді бастағандығын хабарлаған едік.