Шекара қызметінің апатқа ұшыраған тікұшағының бортында экипажды қосқанда, 13 әскери қызметкер болған

None
АСТАНА.  Қыркүйектің  8-і. ҚазАқпарат - Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара  қызметінің   апатқа ұшыраған  тікұшағының  бортында   экипажды  қосқанда,  13  әскери қызметкер болған,

деп  хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Шекара  қызметінің  хабарлауынша,  Өзбекстанның  Ұлттық қауіпсіздік  қызметі Шекара  әскерінен  6 қарулы   қылмыскердің    қазақстан-өзбек  шекарасын  заңсыз  кесіп өтпек  ниеті туралы     ақпарат түскен.  Осыған байланысты  Өгем   шатқалының   тау  учаскесіне   Шекара  қызметінің  «Оңтүстік»  аймақтық  басқармасы  Сарыағаш   шекара  жасағының  «Арлан»   барлау-іздеу  тобы  мінген  Ми8 тікұшағы    ұшып шыққан.   Тікұшақ бортында  экипажды  қосқанда,  13 әскери қызметкердің болғанын  естеріңізге сала кетейік.

Шекара  қызметінен  нақтылағандай, тікұшақпен байланыс  сағат 10.30-да жоғалған.  Өгем  орман шаруашылығының  қызметкерлерінен    Өгем шатқалы ауданына    тікұшақтың  құлағаны  туралы ақпарат түскен.  Қазіргі уақытта   Шекара  қызметі   Төтенше жағдайлар  министрлігімен  және  Қорғаныс министрлігінің бөлімшелерімен бірлесіп,     іздеу-құтқару  шараларын   жүргізуде.