"Рақымшылық шаралары аса ауыр қылмыстарды жасағандарға қатысты қолданылмайды. Ал аталған адам жемқорлық санатына жататын аса ауыр қылмыстарды жасады де танылды. Сондықтан ол рақымшылық ілінбейді деп ойлаймын. Сосын біздің атымызға өтініш түскен жоқ. Түссе де, істің қаралған жері бойынша тапсырылуы тиіс", - дейді Аxметжанов. Ал ҚР Әскери сотының төрағасы Сәкен Абдуллаевтың айтуынша, ондай өтініштер түскен жағдайда тек жазаның мерзімін азайту мәселесі ғана қаралуы мүмкін.
Айта кетейік, ҚР ҰҚК Шекара қызметінің бұрынғы директоры Нұрлан Жоламанов аса ірі көлемде пара алғаны үшін сотталған. Ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды, жеке мүлкі тәркіленді.