деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанда Кеден одағы жүзеге аса бастаған соң, Ресеймен арадағы кедендік бекеттер де біртіндеп жойыла бастайды. Ендеше, сол шекара маңында кімдер қалады, деген мәселе бүгінгі күннің бірінші міндеті болуы тиіс. Бұл үшін Ресеймен арадағы шекара маңын жандандыру, сол өңірлерді жұртты қоныстандыру арқылы игеру керек. Бос қалатын кедендік-шекаралық бекеттердің орнына жұртшылықты шоғырландырып, онда елді мекендер тұрғызылуы шарт. Халық шекара маңында жер жыртып, өмір сүруге кірісіп кетуі қажет. Өйткені, кез- келген мемлекетті алып қарасаңыз, олар шекара маңына жұртты қоныстандыру мәселесін бірінші кезекте жүзеге асырады. Ал бізде керісінше Шымкент, Алматы, Астана өңірлеріне халық тығыздалып жатса, шекара маңында жұртшылыққа түк те жағдай жасалмаған», деді Ғ. Қасымов.
Сенатордың айтуынша, шекара маңын тақырламай, жұртшылықты оңтайлы қоныстандыру мемлекет қауіпсіздігі үшін де үлкен рөл атқарады. «Бұрынғы Кеңес одағында да шекара аймағында елдерді жайғастырып, қоныстану үшін жағдай жасалып, бұндай жерлерді игеруге көп назар аударып келген болатын. Ондай тәжірибені қайта енгізгеннің маңызы зор», деді Ғ. Қасымов.