Бұл туралы бүгін брифингте Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жамбыл облысында 1 жыл бас бостандығынан айыруға А. Федотов сотталды. Ол Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жалпы құны 3,5 млн.теңгенің 3 мың литр этил спиртін кедендік тексеріссіз алып өтпек болған.
Контрабандалық өнім мемлекет пайдасына тәркіленді.