Шекарашылар есірткіні автобустағы қол жүктерді тексеру кезінде байқаған.
ҚР ҰҚК Шекара қызметінің ақпаратына сәйкес, 13 мамыр күні, сағат 6.00-де күдікті пакет табылған.
«Пакетті ашып қарағанда, марихуанаға ұқсас қою жасыл түсті өсімдік текті зат табылған. Бірақ, тыйым салынған жүк жолаушылардың қайсысына тиесілі екендігін анықтау мүмкін болмады», - дейді шекарашылар.
Қазіргі уақытта есірткіге қатысты барлық материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді.