Шекарада қару-жарақ, жанармай және валюта контрабандасы әшкереленді

Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Шекара кеңістігінде 3 026 ҚР заңнамаларын бұзған адамды ұстады, соның ішінде 2 594 шетел азаматы. Бұл туралы Шекара қызметі хабарлады. 

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2026 жылғы қаңтарда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

Шекара кеңістігінде 3 026 ҚР заңнамаларын бұзған адамды ұстады, соның ішінде 2 594 шетел азаматы.

Мемлекеттік шекара арқылы тауарлар мен жүктерді заңсыз өткізудің 1 062 фактісінің алды алынды, соның ішінде:

25 факті – қарулар мен оқ-дәрілер (2 мылтық, 66 дана суық қару, 3 дана жарық-дыбыс гранатасы, 78 дана оқ-дәрілер);

580 факті – 60 тоннадан асатын мөлшерде жанар-жағармай материалдары;

376 факті – жалпы сомасы 620 млн теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;

81 факті – жалпы сомасы 860 млн теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий су айдынында браконьерлік іс-әрекеттердің 5 фактісінің жолы кесілді, заңсыз балық аулау құралдары тәркіленді.

Бұл фактілер бойынша материалдар процессуалдық шешімдер қабылдау үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. 

Айта кетелік ҰҚК Шекара қызметі былтыр 75 млрд теңгеден астам залалдың алдын алған еді