деп хабарлайды ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.
«Оңтүстік» аймақтық басқармасының «Қордай» шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары 9 қарашада Қазақстанға жеке автокөлігімен келе жатқан Қырғыз Республикасының азаматын тоқтатты. Жеке тексеру кезінде көлік ішінде құпия қалтарыс табылды. Ол жерде жалпы салмағы 4 кг. асатын күміс әшекейлер мен 149 грамм алтын әшекейлер табылды.Ұсталған азамат «Қордай» кеден бекетінің қызметкерлеріне табысталды, тергеу жүргізілуде.
Осы күні көрші республиканың тағы екі азаматы ұсталды. Олар Қазақстаннан Қырғызстанға екі жүк көлігімен 4 340 литр АИ-80 бензинін алып бара жатқан. Оларда бензинді ел аумағынан әкетуге рұқсат беретін арнайы қағаздары болмай шықты. Контрабандашылар барлық жүктерімен бірге «Айша бибі» кеден бекетінің қызметкерлеріне табыс етілді.