Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті облыстың шекара қызметкерлерімен бірлесіп, Қордай ауданының «Қарасу» шекара бекетінде құжатсыз дәрі-дәрмек тасымалдаған жүк көлігін ұстады.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 214-бабы 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көліктің жүксалғышынан құны 19 млн теңгеден асатын препараттардың 20-ға жуық түрі табылып, тәркіленді.
Қазіргі таңда барлық тауар тәркіленіп, алынған дәрілік заттар Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына тапсырылды.