Шекара қызметінің «Оңтүстік» аймақтық басқармасының Тараз шекара отрядының учаскесінде шілденің 18-інде Қырғызстан азаматы ұсталды. Қазақстанға жаяу бет алған ол азаматтан 200 киләдай «марихуана» тәркіленді. Бұл факті бойынша тексеру жүргізілуде.
12:38, 20 Шілде 2009
Шекарада ұсталған Қырғызстан азаматынан 200 киләдан астам есірткі тәркіленді
АСТАНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат - Шекарада 200 киләдан астам есірткімен Қырғызстан азаматы ұсталды, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.