«Жүргізілген реконструкциялардың оң әсерін, көлік ағынының өсуін және төлемдердің түсуін ескере отырып, Мемлекеттік кірістер комитеті биылдан бастап ЕАЭО сыртқы шекарасындағы 9 автомобиль, 1 теміржол өткізу пунктін және Астана қаласындағы Мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасын реконструкциялауды бастады», - деді Бақытжан Слямов.
Оның айтуынша, 9 автомобиль өткізу пункті бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Жоспарға сәйкес, барлық бекеттердегі жөндеу жұмыстары 2024 жылдың соңында аяқталмақ.