Шекарадағы аудандарды қайта құру қажет – Ерлан Саиров

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ерлан Саиров журналистерге Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне қала мүше болғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БАҚ өкілдерініңҰлттық кеңес құрамына қатысты сауалдарына жауап берген Ерлан Саиров ұйымғаөзінің қалай мүше болғанын айтып берді.

«Жеке маған Ұлттықкеңес туралы Жарлық шығардан екі күн бұрын Президент кеңесшісі хабарласып,ұсыныс айтты. Мен ұсынысты қабылдай отырып, өзімнің төрт мәселе бойыншаұстанымымды айттым. Олардың ішінде сайлау, митингтер, саяси партиялар және БАҚтуралы заңдарды бойынша фундаменталды ұсыныстар бар», - деді ол.

Сарапшы шекарадағыаудандардың жағдайын жақсарту үшін Ұлттық кеңес аясында қандай ұсыныстардымемлекет алдына қоятынын да айтты.

«Тарихтан белгілібір заңдылық бар. Шекараны шекарашылар ғана емес, жергілікті халық та күзетуікерек. Сонда ғана ол шегенді болады. Шығыстағы Катонқарағай, Марқакөл, Тарбағатай,Мақаншы өңірлерінен ел үдере көшіп кеткен. Мысалы бұрынғы Марқакөл ауданындаосыдан 30 жыл бұрын 27 мың адам тұрған. Қазір тек 6 мың адам қалған. Мұныгуманитарлық проблема деп те атауға болады. Дәл осындай проблема Алматыоблысында да бар. Бұл мәселені шешу үшін кезінде қысқарып қалған аудандардықайта құру қажет. Содан кейін шекаралық аймақтарды дамыту жөніндегі мемлекеттікбағдарлама жасау керек. Бұл өте маңызды. Ұлттық кеңесте бұл мәселе деталқыланатын болады», - деді Ерлан Сайыров.


Фото: Мухтар Холдорбеков