«Еліміздің солтүстік шебін күзетіп жүрген шекарашылар шағын 48 түйіншекке салынған, жалпы салмағы 25 келі болатын есірткі заттарын әкетіп бара жатқандарды ұстады. Тексеру кезінде героинды жасырғандардың біреуі Ресей Федерациясының, ал екеуі Қырғыз Республикасының азаматтары болып шықты», делінген хабарламада.
Ірі көлемдегі есірткі заттары «Тойoта РАВ-4» автомобилінің табалдырығынан табылды. Машинаға жүргізілген жөндеу жұмыстары бірден күдік туғызды. Осындай жерлерді мұқият қараған кезде өзіндік иісі бар ұнтақтың тығылған жері анықталды.
Сондай-ақ оңтүстіктегі қазақ-қырғыз шекарасының сақшылары «Мерседес-Бенц» автокөлігінен 49 жастағы қырғызстандық азаматты ұстады. Машинаның алдыңғы бөлігін қарау кезінде скотчпен оралған 36 түйіншек табылды. Оларды ашқанда ішінен 1 келіге жуық героин, 4 келі гашиш шықты.
Тергеу амалдары жүргізілуде.