Шекарадан экстремистік әдебиеттерді кіргізбек болған үш қырғызстандық құрықталды

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Қырғызстан азаматтары Жамбыл облысына экстремистік әдебиеттерді кіргізбекші болған. Алайда, олар өз мақсатына жетпей қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полициядепартаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, діни экстремизм мен терроризмкөріністеріне қарсы іс-қимыл жасау мақсатында аталмыш департаменттіңэкстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүйелі жұмыстаржүргізуде. Нәтижесінде ағымдағы жылдың басынан бері Қазақстан Республикасыныңаумағына әкелуге және пайдалануға сотпен тыйым салынған экстремистік мазмұндағы26 кітап тәркіленді.

«Экстремизмгеқарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ағымдағы жылдың сәуір және мамырайларында Меркі ауданында орналасқан «Сыпатай батыр» шекаралық бақылау пунктіарқылы сот тыйым салған экстремистік мазмұндағы діни әдебиетті ҚР аумағына әртүрліуақытта кіргізбекші болған Қырғызстанның үш азаматын ұстады», - дейді облыстықПД баспасөз қызетінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Ұсталғандардыңәрқайсысына әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодекстің 453-бабы бойыншаәкімшілік жаза тағайындалды.