Шекарадан тапанша алып өтпек болған - ҚР ҰҚК

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстаннан Қырғыз Республикасына қарай шекарадан газды тапаншамен өтпекші болған қазақстандық ұсталды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Қордай шекара отрядының «Қарасу авто» көліктік-шекаралық тексеру пункітінің шекара наряды біздің елден көрші мемлекетке қарай кетіп бара жатқан «Мерседес Спринтер» автокөлігін тексеру барысында салоннан «Super R-35» маркалы газ тапаншасы мен оның оқтарын тапты.

Тапаншаның иесі ретінде 51 жастағы қазақстандық ұсталып, Қордай аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне тапсырылды.