Шекарадан заңсыз дәрі-дәрмек алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды

САРЫАҒАШ. ҚазАқпарат - Сарыағаш шекара жасағының қызметкерлері «Новосібір - Ташкент» пойызынан жасырын әкетіп бара жатқан дәрі-дәрмекті тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сарыағаштық шекарашылар «Новосібір - Ташкент» бағытымен қатынайтын №370 пойызды тексеру барысында қызметтік иттің көмегімен 18 түрлі, 2000-нан астам дәрі-дәрмекті тапты. Дәрілердің ешқандай рұқсат құжаттары жоқ. Одан бөлек, заңсыз әкеле жатқан 582 дана газ есептегіш құрал, 500-ге жуық қытай пиротехникасы және 10 қорап пилорама лентасы алынды. Күдікті ретінде 1990 жылы туған Өзбекстан азаматы ұсталды. Ол - осы вагонның жолсерігі» делінген хабарламада. 

Тәркіленген заттар актіленіп, Сарыағаш аудандық мемлекеттік кірістер департаментіне тапсырылды.