«Қорғас» шекаралық бақылау-өткізу отрядының наряды Шекаралық сауда орталығына беттеп бара жатқан 45 жастағы Қазақстан азаматшасын ұстады. Оның қол жүктерін қараған кезде одан жарияланбаған 37 000 доллар қаржы табылды.
Ұсталған азаматша кетпеу туралы қолхатпен жіберілді, алдын ала оған Қылмыстық кодекстің 209 бабының 1 бабы бойынша айып тағылып отыр.