«Салық саясатының тиімді болуы кеден жұмысының ашықтығына тығыз байланысты. Салық және кеден саласындағы ақпараттық жүйелерді толық біріктіру ісін аяқтау маңызды», - деді Мемлекет басшысы.
Сонымен қатар Президент осы саладағы тексерушілерге қатысты пікір білдірді.
«Келесі мәселе. Тексерушілердің тым көптігі. Олардың теріс әсер еткені белгілі. Сондықтан, шекараға интеграцияланған кедендік бақылау тәсілін енгізу қажет. Кедендік рәсімдеу орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істеуге тиіс», - деді Президент.