Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.
Шекарашылардың қырағылығы арқасында аталған азамат екі елдің мемлекеттік шекарасынан 200 келіге жуық құс етін өзі қалаған жерден алып өтпек болды. Оған көмек көрсетіп жатқан екінші азамат шекарашыларды көрісімен атқа мініп, көзден ғайып болды.
Аталған дерек туралы құқыққорғау органдары хабарландырылды.
Осы күні Тараз шекара отрядына қарасты «Сыпатай батыр» шекара заставасының шекарашылары 18 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. Жас жігіт шекара шарбақтарын бұзып, қырғыз жерінен үш жылқыны кіргізуге тырысты.
Тергеу амалдары жүргізілуде.