Аға лейтенант, тез арада қай пәтерден дауыс шыққанын анықтап, солай қарай жүгірді. Есікті сындырып ішке кірген кезде, отқа оранған пәтерден өз еркімен жүре алмайтын мүгедек әйелді көреді.
Ринат мүгедек әйелді көтеріп алып, сыртқа беттеді.
Өртті сөндіру кезінде көршілес пәтерде ес-түссіз жатқан тағы бір кейуана табылды. Шекарашы ол кісіні де алып шығып, өртті сөндіруге кірісті. Жедел жеткен ақ халатты абзал жандар да зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмектерін көрсетті. ҚР ТЖМ қызметкерлері келген кезде өрт те сөндірілген болатын.
Осылайша, 2088 әскери бөлімінің шекарашы-офицерінің жылдам да сауатты қимылының арқасында тұрғындар аман қалып, өрт те сөндірілді.
Қазіргі уақытта өрттен зардап шеккен әйелдердің жағдайы қанағаттанарлық. Өмірлерін құтқарып қалған Ринатқа олардың алғысы шексіз. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен хабарлады.