- деп жазады «Время» газеті бүгінгі санындағы «Тайное скоро станет явным» деген тақырыптағы мақаласында.
Басылымның атап өтуінше, сараптама дүйсенбі күні дайын болған. Дегенмен оның нәтижесі әлі жарияланған жоқ.
«Мен дүйсенбі күні істі жүргізетін тергеушімен сөйлесіп, бірқатар сауал қойдым. Ол сәл кейінірек В.Челахпен кездестіретінін мәлімдеді. Сараптама қорытындысына қатысты айтар болсам, оны тергеуші бізге таныстыруы керек. Бірақ қашан екені белгісіз», - дейді күдіктінің адвокаты.
Қорғаушы сараптама қорытындысы дайын болған кезде оны қоғам назарына ұсынуға әзір екендігін айтты. «Меніңше, бұл бірнеше күннің ішінде болады», - деді Т.Берліқожанов.