Сонымен қатар теңіз шекарашылары бекіре тұқымдас 30 балық пен 12 итбалықты тәркіледі.
Ақтөбелік шекарашылар да браконьерлерді құрықтады. «Жайсаң авто» өткізу пунктінде олар Ресейге заңсыз 24 бас ірі қараны алып өтпек болған Қазақстанның екі азаматын ұстады.
Сондай-ақ олар халық тұтынатын үш центнер контрабандалық тауардың жолын кесті. «Бішкек-Мәскеу» бағытындағы пойыз вагондарының бірінде Қырғызстан азаматшасы Ресейге 1,5 тонна киім-кешек алып өтпек болған. Пойыздың басқа вагонынан осындай жүкпен оның тағы екі сыбайласы ұсталды.