Еліміздің шығысындағы «Қорғас» бақылау-өткізу бекетінің бақылаушылары 7 қорапқа салынған, жалпы саны 80 дана болатын «Тракинг - Пивайс» аталатын GPS-навигаторларын жасырын әкетіп бара жатқан 39 жастағы Қазақстан азаматын ұстады. «Үрімші - Алматы» бағытындағы автобуспен келе жатқан азаматтың аталған заттарды алып өтуге қажетті құжаттары жоқ болып шықты.
Аталған дерек бойынша құқыққорғау органдары хабарландырылды. Тергеу амалары басталды.