Хабарды алысымен өңірлік басқарманың бастығы І рангілі капитан Қадыржан Мұқанов «Сардар» шекаралық кемесіне көмекке шығу туралы пәрмен берді. Шұғыл түрде жолға шыққан кеме, арада 50 минут өткенде жағалаудан 6 миль қашықтықта, яғни Ақтау портынан оңтүстікке қарай теңіздің асау толқынына шайқалып тұрған жүзу құралын, ондағы адамдарды анықтады. Жеке құрам тез арада зардап шегушілерді және олардың қайығын кеме бортына көтеріп алды.
«Тез арада көрсетілген көмектері үшін балықшылар шекарашыларға өз алғыстарын білдірді, оның ішінде теңіз сақшылары тек шекараны қорғап қана қоймай, сонымен бірге суда зардап шеккен азаматтарға да көмек қолын соза білетіндіктерін айрықша атап өтті», делінген хабарламада.