«Шекара қызметінің қатары биылғы 2013 жылдың күзінде шақырылған екі жарым мыңға жуық жігіттермен толықты, олар енді Мемлекеттік шекараны қорғайтын толыққанды сақшыларға айналды. Бұл күн жас сарбаздардың ата-аналары, туыстары мен жақындары үшін де есте қалатын сәт болып табылады - себебі Қазақстан Республикасы азаматының өзіндік дербес өмірі басталды»,-делінген ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінің мәліметінде.
Құрметті қонақтар жас сарбаздарды бүгінгі мерекелерімен құттықтады, ал әрбір әскери бөлім сарбаздардың қызметі және тұрмысымен жақынырақ таныстыру мақсатында олардың туғандары мен жақындары үшін ашық есік күнін өткізді.