Шекарашылар Бішкек-Мәскеу пойызынан 3 келі апиын тапты

АСТАНА. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Шекарашылар Бішкек-Мәскеу пойызынан 3 келі апиын тапты,

деп хабарлады сейсенбі күні ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметінен.

Қаңтардың 18-і күні «Мерке теміржолының» шекарашылар наряды «Мәскеу-Бішкек» пойызының вагондарының бірінде құпия қойманы анықтады. Ол жерден жалпы салмағы 2 келі 860 грамм апиын табылды, деп хабарлады комитеттің баспасөз қызметі.

Бұл факті бойынша Қырғыз Республикасының азаматы ұсталды.