Ведомствоның мәліметінше, «Сардар» шекаралық кемесі Каспий теңізінің қазақстандық бөлігіндегі биоресурстарды сақтап, сол арқылы еліміздің экономикалық мүддесін қорғау мақсатында атқарылатын кезекшілік кезінде ұзындығы 7000 метр болатын иесіз жатқан браконьерлік балық аулау құралдарын (колладалар) тауыпты. Ондағы 3500 қармаққа тулаған бекіре тұқымдас балықтары тұтылып қалыпты, барлығы 71 дана болатын балықтардың жалпы салмағы бір жарым центнерге (150 келі) жетті.
Аға лейтенант Азамат Құнапияновтың басшылығымен қимылдаған экипаж балықтарды босатып, теңізге жіберді. Осы оқиғаға байланысты құқық қорғау органдарына хабар берілді.