Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.
Нақтырақ айтқанда, Қордай шекара жасағына қарасты «Сортөбе» заставасының шекарашылары мемлекеттік шекарадан 200 шақырым жерден диаметрі 40 мм болатын, бірнеше метрге созылған құбыршекті анықтады.
Спирт құбырын контрабандашылар жер астымен жүргізіп, оның үстін шөп-шаламмен, тастармен жасырған. Құбыршек Сортөбе ауылындағы бір үйдің ауласынан басталған. Үй иесінің айтуына қарағанда, аталған ауланы Р. есімді әлдебір бөтен адам жалдаған екен.
Қазіргі уақытта құбыршектің 5 метрі жерден қазып алынды.
Аталған дерек бойынша құқық қорғау органдары хабарландырылды, материалдар Қордай аудандық қаржы полициясына берілді.
Тергеу амалдары жүргізілуде.