Шекарашылар ірі көлемде акцизсіз темекі тәркіледі
14:26, 14 Наурыз 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық-ресейлік шекарада ірі көлемде темекі өнімдері тасымалының жолы кесілді, деп хабарлады ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.
«Семей» бақылау-өткізу пунктінің шекарашылары 60 жәшік акцизсіз темекі алып өтпек болған 50 жастағы қазақстандықты ұстады, қорап саны - 30 000.
Ер адам жүк көлігімен Қазақстаннан Ресейге бара жатқан. Заңсыз партияны көлікті тексеру барысында тапты.