ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті 2020 жылғы 11 сәуірде балықтарды қорғаудың «Бекіре» кең көлемді акциясы шеңберінде
Каспий теңізінің су айдынында заңсыз балық аулап жүрген Әзербайжан Республикасының 4 азаматын ұстады.
Тексеру іс-қимылдары барысында ұсталған тұлғалардан балық аулауға арналған құрал-жабдықтар, сондай-ақ Ф-1 қол гранатасы тәркіленді.Көрсетілген тұлғаларға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің «қару-жарақтарды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттары мен жарғыш құралдарын заңсыз алу, беру, қолға түсіру, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру» 3-бөлігі 287-бабы және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз бұзу» 392-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу іс-шаралары жүргізілуде, деп хабарлады ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Facebook -те.