Ол сондай-ақ Қарасай шекара жасағының учаскесінде болып, «Бурган» және «Фабрикалық» жаңа үлгілік шекара заставасы құрылысының барысымен танысты.
Ведомство басшысы Алматы гарнизоны әскери бөлімінің жеке құрылымына Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жуырда құқық қорғау органдарының басшылық құрамымен өткен кеңесте Шекара қызметіне жүктеген міндеттерін жеткізді. Қызметтестерінің алдында сөз сөйлеген Н. Жоламанов шекарашылар Қазақстанның сыртқы шекарасын қорғау бойынша кешенді шараларды қабылдауда, шекара қызметін нығайту және реформалау, барлық жеке құрылымды кезектен тыс аттестаттаудан өткізу және ШҚ дамуының кешенді жоспарын әзірлеу, 2020 жылға дейін мемлекеттік шекараны абаттандыру бойынша ауқымды жұмыстарды атқарулары тиіс екендігін атап өтті.
Сапардың қорытындысымен ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директоры, генерал-лейтенант Н. Жоламанов анықталған кемшіліктерді жою және Шекара қызметінің құрылымдары мен бөлімдерінің қызметтік-жауынгерлік қызметін одан әрі жетілдіру жөнінде нұсқаулар берді.