Шекарашылар Қытайдан қаракүзен ішіктерін әкеле жатқан контрабандашының жолын кесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан - Қытай шекарасында қаракүзен ішігінің ірі партиясын өткізбек болған контрабандашының жолы кесілді, деп хабарлайды ҚР ҰҚК КҚ баспасөз қызметі.

«Қорғас» өткізу бекетінің жасағы аң терісі контрабандасын - 47 дана қаракүзен ішігін алып өтпекші болған 21 жастағы Қазақстан азаматын қолға түсірді.

Ұсталған азамат Халықаралық шекара ынтымақтастығы орталығынан (Қытай) Қазақстанға өтпек болған. Жүк қол жүгін тексеру барысында табылды.

Ұсталу фактісі бойынша Панфилов ауданы өзара әрекет ету органдарының өкілдері ақпараттандырылды.