Бұл туралы біздің телеарна тілшісіне Беларусь мемлекеттік кеден комитетінің өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz. Шекарашылар мәдени құндылыққа ие жүкті тиеген көлікті Польша аумағында ұстап, қамауға алды. Күдікті мамонттың тістерімен жеке коллекциясын толтырмақ болған. Және ешқандай коммерциялық пайда көздемегенін айтып ақталды. Қазір мамандар тексеріп-тергеп жатыр. Сондай-ақ сарапшылар әшкере болған жүктің құнын нақтылауда.