Отбасы мүшелері Украина арқылы Венаға жетпек болған. «Алматы» өткізу бекетінің наряды «Алматы-Киев» рейсін рәсімдеу жұмыстары барысында Ұлыбритания азаматының төлқұжатымен жүрген Ауғанстан азаматын ұстаған. Оның құжатының қолдан жасалғандығын әшкерелетін белгілер анықталды.
Арнайы жүргізілген жан-жақты тексеру барысында үш төлқұжаттың және тексеруге берілген балалардың құжаттарының иелеріне тиесілі емес екендігі және олардың жалған екендігін нақтылайтын белгілер анықталды.
Осы мәселе жөнінде тиісті органдарға хабарланды. Құжаттар тәркіленді.