Бұл туралы Қырғызстан Мемлекеттік шекаралық қызметінің қоғаммен байланыс бөлімі мәлім етті, деп хабарлады КирТАГ.
УАЗ Хантер автокөлігімен Ош қаласынан шыққан төрт әскери қызметші Кызыл-Жар елді мекеніне бет алған. Терек-Чаты маңында автокөлікті қар көшкіні басып қалады. Әскерилер жолды қардан тазартып жатқанда, күтпеген жерден қар көшкінінің екінші толқыны соғады. Шекарашы-сержант үйінді астында қалып қойды.
Бүгін шамамен 05.30-да шекарашылар әскери қызметшінің мәйітін қардан қар астанан шығарды.