Шекспирдің шығармашылығын зерттеп жүрген неміс ғалымы Хильдегард Хаммершмидт-Хуммель «табылған портреттер көпшілік назарына тек 12 ақпанда ұсынылады» деп отыр. Оған дейін картинаға қатысты мәліметтер құпия болмақ.
Әзірге жазушының жас және есегейген кезіндегі екі суреттің таныстырылымы Майнц қаласындағы собордың мұражайда өтетіні белгілі. Мұражай қызметкерлері табылған картиналарды тексеріп, оның шынымен де «Ромео мен Джульетта» трагедиясының авторына тиесілі екенін растады.
Майнц университетінің профессоры Хильдегард Хаммершмидт-Хуммель Шекспир туралы бірнеше кітап пен ғылыми еңбектердің авторы. Ол драматургтың шығармашылығын зерттеуді 1972 жылы бастаған екен.