«Қаулыда балалардың аулаға шығуына тыйым салу көзделмеген. Дегенмен, біз кәмелетке толмаған балалар көшеде, аулада ересектермен бірге ғана жүруге, сонымен қатар кез келген байланыстан барынша аулақ болуға кеңес береміз. Яғни, біздің кеңесіміз балалар аулада ойнаға кезде бір отбасының мүшелері шегінде ғана жүргені дұрыс. Өзге балалармен байланыста болмауға тырысу қажет. Өйткені, аурудың біреуден біреуге таралуы жүріп жатыр», - деді Бас санитар дәрігер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Сонымен қатар ол карантиннің барлық шаралары вирустың адамнан адамға таралуының алдын алуға тізбекті үзуге бағытталып отырғандығын баса айтты.