Шектеулер енгізіледі: Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін елордадағы «Алау» мұз сарайының аумағында терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өтеді. ҚазАқпарат бұл туралы Терроризммен күрес жөніндегі қалалық шұғыл штабқа сілтеме жасап хабарлайды.


«Биылғы жылғы 27 сәуір күні, сағат 08.00-ден 11.00-ге дейін Терроризммен күрес жөніндегі елордалық шұғыл штаб «Алау» мұз сарайының аумағында (Қабанбай батыр даңғылы, 47) лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізуді жоспарлап отыр», - деді штабтан.

Шара мақсаты терроризм көріністеріне шұғыл әрекет ету, террористік актілердің салдарын барынша аз ету және оларды жою бойынша штабтың күштері мен құралдарын тәжірибеде сынау.

Ведомстводан мәлім еткендей, оқу-жаттығу қиындықтың түрлі элементтері қолданыла отырып, ұрыс жағдайларына барынша жақындатылған.

Осы ретте, қала тұрғындары «Алау» мұз сарайы маңында шектеу шаралары, соның ішінде көлік қозғалысын тоқтату қарастырылғаны туралы ескертілуде.

«Азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және жұмылдырылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауға шақырамыз», - делінген Штаб хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар